20 мың литр сыра тиелген жүк көлігі аударылған

Авторы: Qyzyljar News

         «Астана-Петропавл» республикалық маңызы бар тасжолының  463 шақырымындағы Ленинск ауылының  жанында «Volvo» жүк көлігімен келе жатқан  Қырғызстан елінің  63 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолдың жиегіне шығып кетіп, аударылған.

Жүк көлігі 20 мың литр сыра тасымалдаған. Зардап шеккендер жоқ, жүк көлігі механикалық зақымданған. Полиция қызметкерлері және өтіп бара жатқан жүргізуілер қырғыз елінің азаматына ауыр жүк көлігін жолға шығаруға көмектескен.

Ал 21 желтоқсан күні кешке 21 жасар жүргізушінің «Volkswagen Golf» автокөлігінің артқы доңғалағы жарылған. Полицейлер оны бұрқасында «Екатеринбург — Алматы» жолын тексеру барысында байқаған. Тәртіп сақшылары жүргізушіге құрал-саймандарын беріп, көмек көрсеткен.

СҚО полицейлері жүргізушілерге қыста жолда сақ болуды ескертеді. Ауа-райының қолайсыздығында жолдың қауіпті учаскелерінде жылдамдықты төмендету керек, көктайғақ болуы мүмкін екендігін есте ұстаған жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz