ПЕТРОПАВЛДА ЖАҢА БАЛАБАҚША САЛЫНАДЫ

Авторы: Qyzyljar News

      Президент тапсырмасын орындау аясында мемлекетке заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жалғасуда.

Жуырда Үкімет Петропавл  қаласында 280 орындық балабақша салу үшін арнаулы мемлекеттік қордан 2 млрд. теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Нысан «Жас Өркен» шағынауданында орналасады деп жоспарлануда.  Күн сайын көркейіп келе жатқан бұл шағынауданда  бала саны 100 пайыз толы мектепке дейінгі үш мекеме жұмыс істейді.

Балабақша құрылысы мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын азайтып, балаларға сапалы білім берудің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Петропавлда мектепке дейінгі ұйымдарға орналасуға шамамен үш мың бала кезекте тұр, олардың жартысы екі жастан алты жасқа дейінгі сәбилер.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz