ЖОСПАРЛЫ ОРЫНДАМАҒАН АУДАНДАР БАР

Авторы: Qyzyljar News

         Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында  биылғы 11 айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы шығарылды. Биыл өңір экономикасы 18,9 пайызға өскен. Негізгі салаларда  оң динамика байқалады: құрылыс жұмыстарының көлемі 26,2, тұрғын үй құрылысы 5,1, ауыл шаруашылығы 37,8, ал инвестиция 5,3 пайызға артқан.

Көрсеткіштердің барлығында дерлік өсім байқалғанымен, жылдық жоспарды орындамаған аудандар да бар. Облыс әкімі  өнеркәсіп саласындағы жобаларды толық жүзеге асырмаған  аудандардың әкімдерін сынға алды. Жоспарды Есіл ауданы – 13,3, Жамбыл  ауданы – 17,1, Айыртау – 18,6, Тайынша – 10 пайызға орындамаған.

-Біз қорытынды кестеден Петропавл қаласы мен аудандар бойынша ай сайынғы көрсеткіштерді көріп отырмыз.  Бүгінгі таңда облысты артқа тартқан 5 аутсайдер бар және үш сала бойынша ең төменгі көрсеткіш Уәлиханов ауданынында тіркелді, — деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Өңір басшысы мамандарға жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.

-Жуырда Петропавл қаласының  әкімі тұрғындар алдында есеп берді.  Қалада біраз жұмыстар атқарылып жатыр. Жаңа үйлер, әлеуметтік нысандар салынуда. Әрине, кемшіліктер де бар.  Жыл басында жоспарланған жұмыс өз уақытында орындалуы тиіс. Алдағы уақытта жұмыс нәтижесін жыл қорытындысы арқылы саралайтын боламыз, — деді облыс әкімі.

Жыл басынан бері өңірге 405 млрд. теңге шамасында инвестиция тартылған. Осы аралықта 252 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріліпті.   Бұл өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 105 пайызға артық. Соның ішінде баспананың 130 мың шаршы метрін тұрғындар өздері салған. Тауарлар мен қызметтерді өткізуге келетін болсақ, оның көлемі 6,9 пайыздық өсіммен 881,9 млрд. теңгені құрады. Бөлшек саудада 364,2 млрд. теңгенің тауары сатылды.

Өңір басшысы салалық басқармаларға, аудандар және Петропавл қаласының әкімдеріне жыл қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудағы жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын және бюджетті толық игеруді тапсырды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz