МЕЙРАМ АЛДЫНДАҒЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Авторы: Qyzyljar News

           Облыс аумағында жаңажылдық мерекелер өткізілетін 685 орын тексеріліп, 485 олқылық анықталды және оның басым бөлігі жойылды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандары мейрам алдында сақтық шараларын еске салды. Былтыр Бескөл ауылында 27 желтоқсанда алаңдағы шырша жанып кетті. Биыл Шымкентте осындай оқиға қайталанды.

— Іс-шаралар өткізілетін жерлерде эвакуациялау жолдарының жай-күйіне, алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуына, шыршаларды қауіпсіз орнату, жарамды электр гирляндаларын қолдану, шыршаны эвакуациялауға кедергі келтірмейтін орындарда орнатуға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ қызмет көрсетуші персоналдың өрт болған жағдайда әрекет ету дағдыларының болуы тексерілді, — дейді  мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Аслан Ахметжанов.

Облыста «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс шарасы басталғаннан бері 31 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 1 млн. 384 мың теңге айыппұл салынды. Заңсыз айналымнан 1200 астам пиротехникалық бұйым алынды.

    — Жаңа жыл мейрамы қарсаңында пиротехникалық өнімге сұраныс артады. Алайда оның қауіп көзі екенін ұмытпаған жөн. Сатып алған фейерверктердің лицензиясы болуы тиіс, әрі жасалған мерзіміне де қарау керек. Отшашуларды ғимараттардан 50 м. қашықта және ағаш бауырынан алыс ату керек. Ал желді күні пиротехниканы қолдануға тыйым салынған, — дейді Аслан Ахметжанов.

Қазір облыста ТЖД-нің ғана 69 мобильді тобы құрылып, жұмыс істеп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz