Халықаралық конкурстан жүлделі оралды

Авторы: Qyzyljar News

         2024 жылдың 21-25 желтоқсан күндері Баку қаласында (Әзірбайжан Республикасы) жас орындаушылар мен музыканттардың «World Harmony» VII халықаралық конкурсы өтті.  Бұл жас өнерпаздардың байқауын Уз. Гаджибейли атындағы Баку музыка академиясы және  «Гармония»  грузин фольклоры мен классикалық музыканы дамыту орталығы ұйымдастырды.

Халықаралық байқаудың мақсаты классикалық музыканы насихаттау  және ұлттық фольклорды  дамыту болып табылады. Танымал музыкалық форумда Қазақстан Республикасының намысын классикалық ән айтудың талантты орындаушылары, Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының артистері, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері Асхат Таушев пен Динара Таушева, концертмейстер Екатерина Лапухина қорғады.

Конкурстың қорытындысы бойынша Динара Таушева Гран-приді жеңіп алды, ал Асхат Таушев   «World Harmony» VII халықаралық конкурсынің ІІ дәрежелі лауреаты атанды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz