БАС ПРОКУРАТУРАҒА ШАҒЫМДАНДЫ

Авторы: Qyzyljar News

        Биыл жазда астан уланып бір күнде екі баласы қайтыс болған ана әділдік іздеп, Қазақстан Республикасының  Бас прокуратураға шағымданды. Қайғылы оқиға маусым айында Қызылжар ауданындағы Нажедка ауылында болған. Отбасы кешкі асқа дүкеннен тұшпара мен шұжық алып жеген.

13 маусым күні отбасы мүшелері өздерін жайсыз сезініп, ауылдағы медициналық фельдшерге жүгінген. Ол алғашқы көмек көрсеткен, ал таң осы отбасыдан  қайта шақырту түседі. Ол кезде үйдің кенжесі, үш жасар бала қайтыс болған. Ал он және алты жастағы екі баламен анасы жедел түрде облыс орталығына жеткізілген. Алайда дәрігерлер алты жастағы қыздың өміріне де араша бола алмаған. Анасы мен үйдің тұңғышы ауруханада емделіп шықты.

Жүргізілген сараптама балалардың нитраттен уланғанын көрсетті. Екі кісінің өліміне қатысты іс қозғалып, қылмыстық құрамы жоқ деген себеппен қазан айында жабылып қалған. Одан кейін міндетін тиісті деңгейде орындамағаны үшін медбикеге қатысты іс қозғалып, тергеу жүргізілген.

-Жарты жылдан артық уақыт өтсе де, ешкім жазаланған жоқ. Мен екі баламнан айрылдым. Ал айыптылар бостандықта жүр. Әділдік орнайды деген үмітпен Бас прокуратураға арыз жаздым, — дейді қайтыс болған балалардың анасы Галина Коваленко.

26 желтоқсанында Коваленконың отбасы облыс прокуроры орынбасарының қабылдауында болды. Белгілі болғандай құқық қорғау органдары істі  қайта қозғады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz