2025 жылы елімізде әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардың мөлшері ұлғаймақ. Халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттыруға және мұқтаж азаматтардың қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға арналған бірқатар өзгерістерге тоқталуды жөн көрдік.
Балалы отбасыларға арналған жәрдемақылар
Әлеуметтік кодекске сәйкес, 2025 жылдан бастап балалары бар отбасыларға республикалық бюджет қаражатынан берілетін жәрдемақылардың мөлшері 6,5 пайызға ұлғайтылады:
Бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы:
1-ші, 2-ші, 3-ші бала үшін – 149 416 теңге (38 АЕК);
4 және одан көп бала үшін – 247 716 теңге (63 АЕК).
Бала күтіміне арналған ай сайынғы жәрдемақы:
Бірінші балаға – 22 649 теңге (5,76 АЕК);
Екінші балаға – 26 777 теңге (6,81 АЕК);
Үшінші балаға – 30 867 теңге (7,85 АЕК);
Төртінші және одан көп балаға – 34 995 теңге (8,90 АЕК).
Көпбалалы отбасыларға арналған ай сайынғы жәрдемақы:
4 бала – 63 030 теңге (16,03 АЕК);
5 бала – 78 798 теңге (20,04 АЕК);
6 бала – 94 565 теңге (24,05 АЕК);
7 бала – 110 332 теңге (28,06 АЕК);
8 және одан көп бала үшін – әр балаға 15 728 теңге (4 АЕК).
«Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған аналарға жәрдемақы:
«Алтын алқа» иегерлеріне – 29 097 теңге (7,4 АЕК);
«Күміс алқа» иегерлеріне – 25 165 теңге (6,4 АЕК).
Зейнетақы төлемдері
Зейнетақы жүйесінде де оң өзгерістер күтілуде. 2025 жылы зейнетақы төлемдері 8,5 пайызға артады.
Базалық зейнетақы төлемдері:
Ең төменгі мөлшер – 32 360 теңге;
Ең жоғары мөлшер – 50 851 теңге.
Ынтымақты зейнетақы төлемдері:
Ең төменгі мөлшер – 62 771 теңге;
Ең жоғары мөлшер – 162 195 теңге
.Зейнетақының жалпы мөлшері:
Ең төменгі мөлшер – 95 131 теңге;
Ең жоғары мөлшер – 213 046 теңге.
Мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау
Мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға:
Жәрдемақы мөлшері – 74 428 теңге.
І топтағы мүгедек адамға күтім жасаушыға:
Жәрдемақы мөлшері – 74 428 теңге.
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар:
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне – 62 912 теңге (16 АЕК);
Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысушыларға – 18 874 теңге (4,8 АЕК).
Кедейлік шегін қайта есептеу
2025 жылдан бастап кедейлік шегін халықтың медиандық табысына байланысты есептеу әдістемесі енгізіледі. Бұл шара әлеуметтік көмек нақты мұқтаж азаматтарға бағытталуы үшін қажет.
Жерлеуге арналған жәрдемақы
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне:
142 912 теңге (36,6 АЕК).
Зейнеткерлер мен әлеуметтік жәрдемақы алушыларға:
137 620 теңге (35 АЕК)