БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Авторы: Qyzyljar News

       

           Облыстық білім беру басқармасы 2024 жылдың қорытындысын шығарды. Білім  беру саласына облыстық бюджеттің үштен бір бөлігі бөлінеді. Білім мекемеоерінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін бюджеттен 6,4 млрд. теңге қарастырылған. Ол ақшаға 51 пәндік кабинет пен мектептерге 42 автобус сатып алынған. 53 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізілген.

2024 жылы апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі толығымен шешілген. Соңғы үш жылда өңірде үш жаңа мектеп есігін ашты.  Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен «Береке» шағын ауданында арнайы мектептің құрылысы аяқталды. Жаңа ғимарат балаларды арнайы мектептерде оқыту үшін орын тапшылығы мәселесін толығымен шешті. Оқу корпусы 300 орынға есептелген, сондай-ақ интернат бар. Қазір мұнда 220 бала білім алуда. Президенттің тапсырмасы бойынша өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Қараша айында «Орман» шағын ауданында 600 орындық жайлы мектеп ашылды.

Мектепке дейінгі білім беру саласынадағы проблемалар да біртіндеп шешіліп жатыр. Биыл Петропавл қаласында бой көтерген «Бірлік» шағын ауданында жаңа балабақша ашылды. Алдағы уақытта осындай балабақша «Береке» шағын ауданында қолданысқа беріледі. 2025 жылы «Жас Өркен» шағын ауданында мектепке дейінгі білім беру мекемесін салу жоспарланған. Осының арқасында тағы 600 бүлдіршін заманауи және жайлы балабақшаға барады.

Сондай-ақ, биыл студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі оң шешім тапқан. Петропавлда 1200 орынға арналған жатақхана қолданысқа берілді. Бұл облыс орталығындағы ең ірі студенттер үйі. Оған қоса тағы бір, 156 орындық жатақхана ашылды, ондағы 25 пәтер университетке жұмысқа шақырылған оқытушыларға арналған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz