Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты қабылданған рақымшылық жасау туралы Заң күшіне енді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Рақымшылық – жасалған қылмыстың ауырлығын ескере отырып, ардагерлерге, кәмелетке толмағандарға, егде жастағы азаматтарға, I, II топтағы мүгедектерге және азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін басқа да адамдарға қатысты сараланып қолданылады. Террористік және экстремистік қылмыстар жасаған сотталғандар рақымшылық жасауға жатпайды.
Осылайша, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 405 сотталғанға рақымшылық жасалды. Оның ішінде Петропавл қалалық пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған 159 адамға рақымшылық жасалды. 59 адам бостандыққа шықса, 100 адамның мерзімі қысқартылды. Қазіргі уақытта Петропавл қалалық пробация қызметкерлері рақымшылық бойынша 51 адамды есептен шығырды, 64 сотталғанға мерзімдерін қысқартты.
Алдағы уақытта да осы заңға сәйкес жұмыстар жалғасады.