МАТЕРИАЛДАРЫ СОТҚА ЖІБЕРІЛДІ

Авторы: Qyzyljar News
Полицейлер Петропавл қаласының 36, 30 және 29 жастағы үш тұрғыны күдікті деп
танылған екі алаяқтық фактісі бойынша материалдарды сотқа жіберді.
Бір фактіде зардап шегуші бейтаныс адамдармен ішімдік ішуге келіскен. Мастығы
тараған соң депозитіндегі ақшасының жоқ екенін, сондай-ақ өзінің атына тауарлық несие
ресімделгенін анықтайды. Келтірілген шығын 3,5 миллион теңгеге жуықтаған.
Екінші зардап шегуші әлеуметтік желілерде өзін жас келіншек ретінде таныстырған
бейтаныс адаммен жазыса бастаған. Нәтижесінде әлдебіреулер өздерін полиция
қызметкерлеріміз деп таныстырған екі ер адам оны кездесуге шақырады, кейін кәмелеттік
жасқа толмаған бойжеткенмен хат алмасқаны үшін қылмыстық қудалауға ұшырайтынын
айтып, қорқытқан. Осылайша, олар ақшалай сыйақы берілген жағдайда «мәселені шешіп
беруді» уәде еткен. «Оң шешім» үшін зардап шегуші 5 миллион 700 мың теңгеге тауарлық
несие, шағын қаржылық займ ресімдеген, тіпті депозиттегі қаражатын да берген.
Қазіргі уақытта ірі мөлшердегі алаяқтық фактілері бойынша материалдар сотқа
жіберілді. Олардың 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығы шектелуі мүмкін немесе осы
мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz