СУДЫҢ САРАЛАНҒАН ТАРИФІ

Авторы: Qyzyljar News
Облыс орталығының тұрғындары 2025 жылдан бастап суға сараланған тарифпен
төлейді. Енді коммуналдық қызмет ақысы тұтыну көлеміне қарай есептеледі. Ол бойынша
саналған түбіртек ақпан айында келеді.
Сумен жабдықтаудың сараланған тарифін табиғи монополияларды реттеу
комитетінің жергілікті департаменті мен өңірлік комиссия бірлесе қабылдаған. Енді жан
басына шаққандағы 3 текше метр су ең төменгі тарифпен есептеледі. Оның бағасы
өзгеріссіз қалды — қосымша құн салығынсыз 84 теңге 22 тиын.
-Үш текше метрі ең төменгі тарифпен төленеді. Яғниғ үш адам үшін 9 текше метр
болады. 9-дан 13-ке дейін 4 текше метрі үшін орташа тарифпен төленеді. Яғни, 20 пайызға
жоғары тариф қолданылады. Одан асып кетсе тарифтің ең жоғары деңгейі қолданылатын
болады- дейді Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің
СҚО бойынша департамент басшысы Дамир Тоқтамысов.
Петропавл қаласы бойынша тіршілік нәрін 110 мыңға жуық жеке тұлға
пайдаланады. Былтыр олар 13,5 млн. текше метр су тұтынған. Сараланған тариф
адамдарды ең алдымен үнемшілдікке үйретеді.
Кейбір отбасылар есептеу құралының көрсеткіштерін бермейді екен. Сондықтан
олардың су тұтыну мөлшері көбейіп кетеді. Осы ретте сараланған тариф адамдарды
тәртіпке салуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, сараланған тариф Петропавл қаласы
бойынша жылына 1,5 млн.текше метр су үнемдеуге мүмкіндік береді.
QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz