ЖОЛДАРҒА ИНСПЕКЦИЯЛЫҚ ТЕКСЕРІСТЕР

Авторы: Qyzyljar News

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы 2024 жылды қорытындылады. Мамандар былтыр республикалық, облыстық, аудандық маңыздағы жолдар мен елді мекендер, қала көшелеріне 705 инспекциялық тексеріс жүргізген. Тексеріс нәтижесінде 280 олқылық анықталған

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК СҚО бойынша филиалы баспасөз қызметінің хабарлауынша, анықталған 280 олқылықтың 191-і жойылған. Ал 89-ы әлі түзетіліп жатыр. Сондай-ақ 2484 жол-құрылыс материалының сынамасы алынған. Олардың 27 пайызы нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін болып шықты.

«Облыстық автожолдар бойынша айтар болсақ, 22 нысанда 72 рет тексеріс жүргізілді. 328 материал сынамасы алынды. Олардың 23 пайызы талаптарға сай болмады. Негізгі проблемалар: суға қанығуы,  тығыздық коэффициенті, құрамы және беріктігі дұрыс болмай шыққан. Қазіргі уақытта 36 сынама және 68 ақау бойынша бұзушылықтар жойылды, қалған 12 ақау 2025 жылы түзетіледі», — деп хабарлады «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК СҚО бойынша филиалы баспасөз қызметі.

Былтыр 39 аудандық автожолда тексеріс жүргізілген. 267 сынама алынып, оның 33 пайызы талаптарға сай болмаған. Бүгіндері 12 олқылық түзетілді, ал қалған 44-і  биылғы құрылыс маусымында шешіледі деп жоспарланған. «Мамандарымыз елді мекен көшелерін де тексеріп,  534 сынама алды. Олардың 46 пайызы нормадан алшақтап кеткен. Негізінен асфальт-бетон жабыны мен битумға қатысты проблемалар болған. Бүгінгі күні олқылықтар түзетіліп жатыр», — делінген ақпаратта.

Аудандық, қалалық жолдарды былай қойғанда, республикалық трассалардағы жағдайдың өзі оңып жатқан жоқ. Былтыр мамандар 211 тексеріс жүргізіп, іріктеп алған 739 сынаманың 18 пайызы талаптарға сай болмаған. Республикалық автожолдарда анықталған барлық олқылықтар жойылған.

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz