Абай облысының делегациясы Қызылжар өңірінің озық тәжірибесін зерттеді

Авторы: Qyzyljar News

Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев бастаған Абай облысының делегациясы Қызылжар өңіріне  жұмыс сапарымен келді. Делегация құрамына білім және цифрлық технологиялар басқармаларының, білім бөлімдері мен мекемелерінің басшылары, сондай-ақ бизнес пен мәдениет өкілдері кірді.

Сапардың негізгі мақсаты – мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобалары шеңберінде білім беру мекемелерін сенімгерлік басқаруға берудегі Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін зерделеу. Бұл инфрақұрылымды жаңғыртуға, білім сапасын арттыруға және мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыруды жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, делегация оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасанды интеллектті енгізудің инновациялық жобасымен танысты.

Сапар барысында Абай облысының өкілдері Қызылжар ауданы Петерфельд ауылындағы «Қызылжар Абай орта мектебі» корпоративтік қорын, С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияны, №25 орта мектепті, №2 мамандандырылған мектеп-интернатты, Оқушылар сарайын және Петропавл креативтік орталығын қоса алғанда бірқатар білім беру және мәдениет мекемелерінде болды.

Сапар іскерлік байланыстарды нығайтуға және өңірлер арасындағы одан әрі ынтымақтастық үшін негіз болатын перспективалы идеялармен алмасуға бағытталған.

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz