Петропавлда Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемдегі ең ұзын көше жаңғыртылмақ

Авторы: Qyzyljar News

2025 жылы Петропавл қаласындағы Қазақстан Конституциясы көшесін жөнге келтіру жоспарланған. Қазақстан Конституциясы көшесін көпшілік Ресей астанасы Мәскеу қаласының Арбатына теңейді. Жылдың қай мезгілі болмасын мұнда жаяу серуендеген қарақұрым халықты кездестіруге болады. Енді бұл көше түбегейлі өзгеріп, жаңа келбетке ие болмақ.

Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиевтің айтуынша, жоба үш кезеңде жүзеге асырылады.

— Бұл көше қала тұрғындарының сүйікті демалыс орны, оны әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі деп атайды. Жоба аясында көшені кеңейту, жарықтандыру, жол төсемесін жаңарту жоспарланған. Сонымен қатар, жаңа сәулет элементтері қосылады. Жасыл желекке тиіспейміз, — дейді Петропавл әкімі.

Жобаны іске асыру барысында көше бойында орналасқан бизнес нысандары да қамтылмақ. Барлық сауда орындары, кеңселер бір сәулет стилінде безендіріледі.

— Жоба аясында бизнес өкілдері ғимараттарының қасбеттерін өз есебінен белгіленген талаптарға сәйкес ретке келтіруге міндетті болады. Қоғамдық тамақтандыру орындары көшеде қызмет көрсету аймақтарын ұйымдастыруға мүмкіндік алады, — дейді Серік Мұхамедиев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz