Жұмысшы мамандықтарына сұраныс жоғары

Авторы: Qyzyljar News

Қызылжар  өңірінде  қазіргі уақытта 2,1 мыңға жуық жұмысшы мамандықтардың орны бос тұр. Облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұловтың айтуынша, бүгінде ауыл шаруашылығында тракторист-машинистер жетіспейді. Еңбек нарығында түрлі профильдегі электриктер, дәнекерлеушілер, сантехниктер тапшылығы бар. Осы мәселені шешу үшін жұмысшы мамандықтарына оқытатын колледждерде биыл мемлекеттік тапсырыс 39-дан 45 пайызға дейін ұлғайтылмақ.

— Бүгінде өңірде 11 мың студенті бар 24 колледж жұмыс істейді, олардың 13-і жұмысшы мамандықтары бойынша даярлайды. Бұл — 3 мыңнан астам студент. Сондай-ақ, 3 мыңға жуық жасты дуалды оқумен қамтуды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда қалалық колледждер 100 пайыз толық болса, ауылдық оқу орындарында профицит бар. Сондықтан, облыс бойынша жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру аясында өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаттарын, жұмысшы мамандар жас көшбасшыларының форумын, шеберлік сағаттарын өткізу, жаңа кәсіптер атласын әзірлеу жоспарланған, — дейді Жүсіп Жұмағұлов.

Облыс аумағындағы колледждер өңір экономикасының 11 негізгі саласы бойынша -ауыл шаруашылығы, құрылыс және коммуналдық шаруашылығы, өнеркәсіп, энергетика, көлік, ақпараттық технологиялар, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, қызмет көрсету саласы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша даярлайды.  Жалпы алғанда колледждер 67 мамандық және 105 біліктілік бойынша оқытады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz