Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Солтүстік Қазақстан өңіріндегі Алаш қозғалысына арналған екі ғылыми еңбектің тұсаукесері өтті.
«ХХ ғасыр басындағы Солтүстік Қазақстан: Алаш зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі» (А. Ибраева, С. Мәлікова, З. Тайшыбай) « атты монографиялық еңбекте Қазақстан тарихындағы Алаш қозғалысының тарихи маңыздылығы, Алаш саяси партиясының және Алашорда үкіметінің Солтүстік Қазақстандағы қоғамдық-саяси қызметі, рухани мұрасы жайында құнды мәліметтер берілген.
Солтүстік Қазақстан өңіріндегі Алаш қозғалысының қайраткерлері, олардың қозғалысқа қатысуынан бастап, күрескерлік деңгейге көтерілуі нақты деректік материалдармен, мысалдармен пайымдалған. Сондай-ақ, кітапта Алаш қайраткерлерінің қызметі, олардың қилы тағдыры, қуғын-сүргінге ұшыраған кездегі тергеу істері, саяси құқықтардан айырудың басқа да түрлерін көргенін және басқа да мәселелер жайында ақпараттар берілген.
«Қазақстанның Солтүстік өңіріндегі Алаш қозғалысы мұрағат деректерінде» (А. Ибраева, С. Мәлікова, З. Тайшыбай, А. Темірханова) мұрағаттық құжаттар және материалдар жинағы Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік архивінің, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы архив қорларының материалдары негізінде құрастырылған.
Құжаттардың маңыздылығы Алаш қайраткерлерінің қызметі, олардың қилы тағдыры, қуғын-сүргінге ұшыраған кездегі тергеу істері, саяси құқықтардан айырудің басқа да түрлерін көргенін және басқа да мәселелер жайында ақпараттар берілген. Сонымен қатар, еліміздің солтүстік өңіріндегі Алашорданың тарихи процестердегі рөлі, тәуелсіздік үшін күресі жайлы тың деректер еңбектің құндылығын арттыра түскен.
Сондай-ақ іс-шара аясында музейдің ғылыми қызметкері Д. Дүйсенбай Алаш қайраткері Әлти Көкенұлының атақонысын зерттеу негізінде қазақтың үй салу дәстүрін жаңғырту мақсатында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы баяндама жасап, Алаш мұрасын зерттеу және насихаттау ісінде археологияның үлесіне тоқталды.
Жиынға қоғам және мемлекет қайраткерлері, мәдениет саласының өкілдері мен ғалымдар қатысып, Алашорда тарихы мен Алаш зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі туралы сөз қозғады.