Алаяқ 16 эпизод бойынша сотталды

Авторы: Qyzyljar News

Облыс аумағында  2024 жылы 756 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді, оның 180-нен астамы тегін хабарландыру сервистері және әлеуметтік желілер арқылы тауарлар мен қызметтерді сатумен байланысты болған.

Былтыр  облыстық  криминалдық полиция қызметкерлері Қазақстан қалаларында, негізінен Петропавлда шын мәнінде жоқ пәтерлерді белсенді түрде «жалға беріп келген» Алматы облысының 33 жастағы тұрғынын анықтап ұстады.

Ол пәтерлердің фотосуреттерін интернеттен алып, танымал сайттарда хабарландырулар орналастырған және хабарласқан әр клиентке пәтерді әлдебіреулер сұрап қойғанын айтып сендірген, алайда алдын ала төлем жасалса, жалға беруге келісетінін айтқан.

Бұл үшін ол 5 мың теңгеден 45 мың теңгеге дейінгі төлемді талап еткен, ал ақша қолына тиген соң, алданған адамның нөмірін бұғаттап, байланысқа шығуды тоқтатқан. Мұқият жүргізілген тергеуден кейін полицейлер осы істі 16 эпизод бойынша сотқа жіберді. Қазіргі уақытта алаяқ шартты түрде төрт жылға сотталды.

Полицейлер адамдарды мұқият болуға шақырады. Егер сіз сатушының әрекетіне сенімді болмасаңыз, интернетте тауарлар мен қызметтер туралы хабарландырулар бойынша алдын-ала төлем жасауға келіспеңіз

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz