Петропавлдағы екі жүк көлігі тұрған гаражда шыққан өрт сөндірілді

Авторы: Qyzyljar News

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Петропавл қаласында ағаш материалдарын сататын кәсіпорын аумағындағы өртті сөндірді.

Кеңес Одағының Батыры Жәлел Қизатов атындағы көшеде орналасқан ағаш материалдарын сататын кәсіпорын аумағында екі жүк көлігі тұрған гаражда өрт шықты. Өрт алдын ала 252 шаршы метр алаңда оқшауланды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. «Өрт сөндіру материалдардың жоғары жанғыштығымен күрделенді, бұл оттың тез таралу қаупін тудырды. Алайда өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт бақылауға алынып, оның одан әрі дамуына жол берілмеді», — делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz