Азаматтардың құқығын қалпына келтірді

Авторы: Qyzyljar News

       2025 жылдың  басында мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментіне Астана қаласының тұрғыны жүгінген. Мемлекеттік қызметшілердің кесірінен екі мәрте сәулет-жоспарлау тапсырмасын ала алмаған ол мемлекеттік органның жұмысына шағымданған.

-Шағымды қарау нәтижелері бойынша департамент негізсіз бас тарту фактісін анықтады. Сондай-ақ құжатта жобаланатын нысанның дұрыс аталмағанын көрсетпеген. Бұл мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға себеп болған. Осылайша, қызмет алу кезінде бюрократия орын алған, — дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Дина Әмірина.

Сондай-ақ, Қызылжар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі көрсетілетін қызметті алушымен бас тарту туралы алдын ала шешім бойынша тыңдау рәсімін өткізбеген. Бұл үрдіс азаматқа өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді. Осылайша, өтініш берушінің құқықтары бұзылған.

Осындай заң бұзушылықтарға жол берген Қызылжар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал департаменттің араласуынан кейін азамат сәулет-жоспарлау тапсырмасын алды.

2024 жылы департамент жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік қамсыздандыру, жылжымайтын мүлік сияқты салаларда 12 азаматтың құқығын қалпына келтірді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz