ӘКІМШІЛІК ІС ТОЛТЫРЫЛДЫ

Авторы: Qyzyljar News

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Ержан Қарымсақовтың айтуынша, ведомство жұмысының бір бағыты — еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режімінің сақталуын бақылауда ұстау. Бұл нормалар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңында бекітілген.

Ал 2023 жылғы мамырдан бастап мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режімінің сақталуына мониторинг жүргізу өкілеттіктер берілді.  Соған қарамастан әлі күнге мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытын заңсыз асыру фактілері кездеседі.

-Әртүрлі себептерге байланысты артық жұмыс істеуге тура келуі мүмкін, бірақ мемлекеттік қызметшілердің құқығын бұзбай, тиісті актілерді ресімдеп, үстеме жұмыс төленуі тиіс. Былтыр департамент жұмыс уақыты режімінің сақталуын тексеру үшін 25 мониторинг жүргізді. Тексеріс мемлекеттік органдарға бару арқылы да, жұмыс уақытын есепке алуды бақылау жүйелерінің деректерін пайдалана отырып қашықтықтан да жүргізілді, — дейді департамент басшысы Ержан Қарымсақов..

Нәтижесінде 86 мемлекеттік қызметшіге өтемақы төленген, оның ішінде 80 қызметшіге демалыс сағаттары берілді, ал 6 қызметкерге тиісті төлемдер жүргізілді. Былтыр мемлекеттік қызмет істері департаменті қызметкерлерінің жұмыс уақытының нормасын заңсыз асырғаны үшін мемлекеттік органдардың 8 басшысына қатысты 8 әкімшілік іс толтырды. Олар 2-топтағы мүгедектігі бар мемлекеттік қызметшілерді еңбек заңнамасында көзделген 36 сағаттан асырып, аптасына 40 сағаттан жұмысқа тартқан.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz