Әскери кемелердің үлгісі

Авторы: Qyzyljar News

Андрей Комогаевтың қолынан шыққан әскери кеме үлгілерінің ерекшілігі – мұндағы әр бөлшек ерекше ыждаһатпен жасалған. Бұл бөлшектердің кейбірі тіпті сіріңке басынан да кішкентай. Шебер әрқайсын асқан дәлдікпен беруге тырысқан.

Бүгінде Андрей Комогаев үш кемені — неміс әскери-теңіз флотының «Sharnhorst» ауыр крейсерін, Ұлыбританияның «Hood» желілік кемесін және жапон флотының «Nagato» ауыр крейсерін құрастырды.

— Мұндай модельдерді жасау – зор шыдамдылықты, ұқыптылықты және техникалық дағдыларды қажет етеді. Жалпы өте күрделі процесс. Кеме үлгісін жасауға қағаз, картон, ағаш және металл қолданылады. Ал ең ұсақ бөлшектер жоғары дәлдікті және арнайы құралдармен жұмыс істей білуді талап етеді. Бір модельді құрастыруға жасалу күрделілігіне қарай бір жылдан екі жылға дейін уақыт кетеді, — дейді шебер.

Қазіргі уақытта Андрей Комогаев шеберханасында бірнеше тарихи кеменің құрылысы қатар жүргізіп жатыр. Олар — «Такао» атты жапон флотының ауыр крейсері, аты аңызға айналған «Bismarck» неміс линкорі, Ресей императорлық флотының «Победа» броненосцы және «Минск» патрульдік зымыран катері.

Андрей Александрович Шал ақын ауданындағы «Өркен» өнер мектебінің педагогы. 1998 жылдан бері еңбек ететін ол бүгінде жоғары біліктілік санатындағы ұстаз.

— Шығармашылық – менің өмірімнің ажырамас бөлігі, сүйікі ісім. Болашақта қолымнан шыққан кеме модельдерін көпшілік назарына ұсынып, жеке көрме ұйымдастырғым келеді. Бұл жоба менің шәкірттеріме де үлкен шабыт сыйларына сенімім мол, — дейді Андрей Комагаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz