ТҮРМЕДЕГІ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІН СЫНДЫРҒАН

Авторы: Qyzyljar News

Былтыр СҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің  №51 мекемесінде жазасын өтеушілердің бірі үздіксіз жұмыс істейтін бес бірдей бейнебақылау камерасын сындырған. Соның салдарынан 1,1 млн. теңгеден астам шығын келтірген. «Айыртау аудандық соты Т. есімді азаматқа «№51 мекеме» РММ-нің бейнебақылау жүйесін сындырғаны үшін 4 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, сотталған адамнан мемлекет пайдасына келтірілген залал өндірілді»,  — делінген облыстық прокуратура  таратқан ақпаратта.

Өңірдегі түзету мекемелерінде мұндай тағы екі жағдай тіркелген. Колония мүлкіне зақым келтірген азаматтарға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Түзету мекемелеріндегі бейнебақылау жүйесі тәртіпті қамтамасыз етуде, құқық бұзушылықтардың алдын алуда және сотталғандар мен пенитенциарлық мекемелер қызметкерлерінің құқықтарын қорғауда шешуші рөл атқарады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz