Полицейлер талмасы ұстап қалған ер адамға көмек көрсетті

Авторы: Qyzyljar News

30 қаңтар күні таңертең Петропавл қаласындағы Қазақстан Конституциясы мен Астана көшелерінің қиылысында төтенше жағдай болды. Жас жігіт кенеттен есінен танып, тротуарға құлап, дірілдей бастаған.

Жақын жерде полиция қызметкерлері жүрген, олар осы күні ведомстволық психологтардың жетекшілігімен командалық квест-тренингке дайындалып жатқан.Облыстық  полиция департаменті патрульдік полиция батальонының полицейлері бірінші болып көмекке барған, алайда полиция департаменті жылдам қимылдайтын арнайы жасағының келіссөз жүргізуші-психологы Қайрат Базарбаев барынша жедел және тиімді әрекет еткен.

Шұғыл медициналық көмек көрсетуді жақсы меңгерген және адамдарды құтқаруда мол тәжірибесі бар офицер жағдайды бірнеше секунд ішінде бағалай алған. Арнайы медициналық құралдар болмағандықтан, ол өзінің жеке нөмірі жазылған металл жетонды пайдаланып, ер адамның тілін шығарып алған. Абырой болғанда, ол тұншығудың алдын алып, жас жігіттің тыныс алуы қалпына келген. Бұл уақытта полицейдің әріптестері жедел жәрдем бригадасын шақырған. Медицина қызметкерлері жылдам жетіп, жігітті ауруханаға жеткізген. Қазір оның денсаулығы бірқалыпты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz