БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Авторы: Qyzyljar News

«Бетпердедегі жігіт» деген атпен танымал қайырымдылық жасаушы жан өртеніп, әкесінен, үш әпке-қарындасынан және інісінен айырылған 16 жастағы Станиславқа көмектесті, оған баспана сыйлады.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде үй толығымен отқа оранып, шатыр мен төбе құлаған. «Төрт күн бұрын өрт кезінде менің отбасым бүтіндей көз жұмды: әкем, әпкем, інім және екі қарындасым. Өрт кезінде мен қалада жатақханада болғанмын. Өрттің шығу себебі әлі белгісіз, бірақ сымдардың тұйықталуы болуы мүмкін, түтінге тұншыққан деген болжам бар. Әкем 40 жаста, үлкен әпкем 18 жаста, тағы бір қарындасым 13 жаста, інім 10 жаста және ең кенжеміз 7 жаста еді», – дейді жас жігіт.

Станиславтың айтуынша, жеті жыл бұрын анасы дүниеден озған. Ал өзінің көру қабілетіне қатысты денсаулығында кінарат бар екен.  «Бауырларымды қалаға оқуға апаруды армандаушы едім. Енді қайдан, жоқ қой олар. Мен қазір жалғыздыққа қатты сезінемін, бұдан әрі не істеу керектігін де білмеймін», — дейді шарасыз жетім бала.

«Бетпердедегі адам» оның жан жарасын елестетудің өзі мүмкін емес екенін айтады. Бірақ ол қазір жалғыз емес екенін білдіру үшін өзінің оған келіп тұрғанын жеткізді. «Біз бәрін бірге жеңе аламыз. Енді сіз білім алу жағына алаңдамайсыз, емделесіз де, пәтеріңіз де болады», — деді қайырымды жан. Студентті әжесі қамқорлығына алды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz