Заңсыз қоқыс үйінділері

Авторы: Qyzyljar News

2024 жылғы көктемнің соңынан бастап  облыс аумағында стихиялық қоқыс үйінділерін анықтауға және жоюға бағытталған мобильдік топтар белсенді жұмыс істеп келеді. Полиция және экология департаменттерінің қызметкерлерінен құралған мобильдік топ рейдке 31 рет шығып, оның барысында қалдықтарды рұқсатсыз үюдің 116 орны анықталды, олардың 96-сы бүгінде жойылды.

Рейдтік іс-шараларды өткізу шеңберінде халыққа, кәсіпорындар мен ұйымдарға қоқысты шығару және сақтау ережелері, оларды бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары мен жадынамалар тарату ұйымдастырылды.

Сәуір айында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Таза Қазақстан» акциясы басталған сәттен бастап облыста жалпыға ортақ пайдалану орындарын ластаудың 1881 фактісі және абаттандыру ережелерінің 9096 бұзушылығы анықталды. Акция аясындағы жұмыс ұдайы негізде жалғасуда.

Полицейлер тұрғынларды аймақты абаттандыруға белсенді қатысуға шақырады. Экологиялық бастаманы қолдау арқылы әркім қоршаған ортаның тазалығына үлесін қоса алады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz