Облысымызда 350-ге жуық ауыл-көше атауы ауыстыруды қажет етеді

Авторы: Qyzyljar News

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы өткен жылды қорытындылап, 2025 жылға жоспарды бекітті.  Басқарма басшысы Санат Әубәкіровтің айтуынша, облыста атауы ауыстырылуы тиіс 33 елді мекен, 14 ауылдық округ және 300 көше бар. Ескірген атаулардан құтылу үшін 2025 жылға арналған Жол картасы әзірленген.

— Биыл 4 ауылдық округтің, 4 елді мекеннің және 128 көшенің атауын өзгерту ұсынылды. Сондай-ақ «Бірлік» шағынауданында — 28, «Орман» шағынауданында 7 жаңа көшеге республикалық ономастикалық комиссия бекіткен «дәстүрлі атаулар», «жер-су атаулары» тізімінен алынды, — дейді Санат Әубәкіров.

«Тарихи тұлғалар» республикалық тізілімінде 697 есім, соның ішінде 39-ы — Солтүстік Қазақстан облысынын шыққвн тұлғалар  бар. Облыстық ономастикалық комиссия қарауына елді мекен мен көше атауларын ауыстыруға қатысты — 9, 4 нысанға және 4 мектепке атау беру жөнінде ұсыныс түскен.

— Петропавлдағы № 28 орта білім беретін мектепке Қаныш Сәтбаевтың, Жамбыл ауданындағы Благовещенка орта мектебіне  ғалым Марат Кенжеғозиннің, Шал ақын ауданындағы Семиполка орта мектебіне екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Павел Гончардың, Тимирязев ауданыдағы  Ақсуат орта мектебіне Желтоқсан құрбаны Нұржан Қалиасқаровтың есімін беру жөнінде ұсыныс бар. Жеңістің 80 жылдығына орай Мәдениет және ақпарат министрлігінен соғыс батырларының есімдерін көше және білім ордаларына беру туралы тапсырма түсті. Аудандарға тиісті хат жіберілді, ұсыныс айдың ортасына дейін түсуі керек, — дейді басқарма басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz