СҰРАНЫСҚА ИЕ САБЫН

Авторы: Qyzyljar News

Есіл ауданы орталығының  екі тұрғыны өз қаржыларына шағын цех ашып, кір сабын жасауды қолға алған. Тауар Астана мен Көкшетау қалаларында сұранысқа ие. Явленка ауылында аудан атымен аттас «Есіл» атты кір сабын шығаратын шағын цех бар. Кәсіпкерлер Гүлістан Жарасбаева мен Ақнұр Ерғалиева оны өз қаражаттарына ашқан. Қазір мұнда аптасына 250-ге жуық сабын шығарылады.

-Бұл сабынды біз 80 пайыз тоң майдан жасаймыз. Сосын сілтілер мен майдың иісін жою үшін хош иістендіргіштер қосылады. Өте пайдалы өнім. Халық арасында сұранысқа ие. Сондықтан ақырындап өндіріс көлемін ұлғайтып келеміз, — дейді кәсіпкер Гүлістан Жарасбаева.

Есіл ауданына барған «AMANAT» партиясының өкілдері Құлсары батыр атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болды. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде жеті спорт түрімен  216 бала айналысады.

«Есіл ауданындағы нысандардың толық әрі сапалы жұмыс істеп тұрғанынан көз жеткіздік», -дейді AMANAT партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz