ҚЫЛМЫС ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНДА

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл қаласы  2024 жылы халықтың 10 мың адамына шаққанда тіркелген қылмыстар саны бойынша үшінші орынды иеленді. Алдыңғы қатарларда ірі мегаполистер Астана мен Алматы шаһарлары тұр. Өңірдегі құқық бұзушылықтар туралы облыс  прокурорының аға көмекшісі Максим Доровик деректер келтірді.

Оның айтуынша, соңғы бес жылда облыста тіркелген құқық бұзушылықтар саны шамамен 30 пайызға төмендеген. Бұл ретте 2024 жылы бірқатар ауыр қылмыстардың өсуі тіркелген. Былтырғы он екі ай ішінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру жағдайларының саны 19 пайызға, бопсалау 50 пайызға, есірткі сату 6 пайызға өскен. Сондай-ақ жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерінің саны 67 пайызға, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты 100 пайызға артқан.

Қылмыстың жалпы төмендеуіне қарамастан, облыс орталығы қылмыс деңгейі жоғары өңірлер қатарында қалып отыр. Нақтырақ айтқанда, 10 мың тұрғынға шаққанда 103 құқық бұзушылықтан келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz