6 ақпан – Дүниежүзілік сайлау күні

Авторы: Qyzyljar News

Ақпан айының алғашқы бейсенбісінде, 6 ақпанда  Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтіледі. Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту 2005 жылдан бастау алған. Бұл күннің мақсаты – сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы жұртшылықты ақпараттандыру, сайлаушылардың электоралдық белсенділігін арттыру.

Осы датаға орай Петропавлдағы № 646 сайлау учаскесінде жастарды ақпараттандыру мақсатында жиын өтті. Бұл Солтүстік Қазақстан кәсіптік- педагогикалық колледж базасында ұйымдастырылатын сайлау орны. Мұнда тұрғындармен қатар, колледж студенттері де дауыс береді. Яғни, кейбір жастар азаматтық құқығын пайдаланып, алғаш саяси таңдауын жасайды.

Биыл үшінші ақпаннан алтыншы ақпан аралығында облыста аумақтық сайлау комиссиялары 60 түрлі іс-шара өткізбек. Онда жастардың демократиялық қоғам институты ретіндегі сайлау және сайлау процесінің негізгі кезеңдері, рәсімдері туралы білім деңгейін арттыруға назар аударылады.

Петропавл қаласында 97 сайлау комиссиясы бар. Онда 850 адам мүшелік етеді. Қала бойынша 157 мың сайлаушы бар. Саяси науқан кезінде учаскілерде өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді. Жұртшылық арасында сайлауға, референдумға  қатысу белсенділігі жақсы, — дейді Петропавл қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Кеңес Мұқышев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz