Облыста мәдениет нысандары жетіспейді

Авторы: Qyzyljar News

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Санат Әубәкіровтың айтуынша, былтыр Ақжар, Есіл және Тимирязев аудандарында екі ауылдық клуб, екі мәдени-сауықтыру орталығы және бір мәдени-демалыс орталығы салынған.

— Тұрғындар  саны 800-ден асатын ауылдық елді мекендерде мәдени-демалыс орталықтары болуы тиіс. Өңірде осындай 13 ауылда мәдени нысан жоқ. Мәселен Айыртау ауданының Имантау ауылында 1809 адам және Лобанов елді мекенінде 1096 адам, Аққайың ауданындағы Тоқшын ауылында 1681 адам, Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылында 1709 адам тұрады. Осыған байланысты аудан әкімдіктері аталған елді мекендерде мәдениет нысанын салу мәселелерін шешуі қажет, — дейді басқарма басшысы.

Қазіргі уақытта Аққайың, Айыртау және Шал ақын аудандарында 5 мәдениет нысанын салуға және Жамбыл ауданында 2 нысанды қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжат әзірленген. Айыртау ауданы Имантау ауылында клубты салуға ғана 803,4 млн. теңге қажет.

Бсұарма басшысының айтуынша, қазіргі уақытта ауылдық жерде 262 клубтық ұйым жұмыс істейді, 215 мың адамды немесе ауыл халқының 80 пайызын қамтыған.  Облыстың клубтық мекемелермен қамтамасыз етілуі 41,8 пайыз, оның 171 — мемлекеттік, 93 — басқа меншік нысандары. Бүгінде облыстың елді мекендерін мәдениет нысандарымен қамтамасыз ету – 59 пайыз. Мәдениет нысандарының санын көбейту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Былтыр салаға 14,4 млрд. теңге, биыл да шамамен сол межеде бөлінген. Екі жыл ішінде 46 мәдениет нысаны жөнделген. Биыл тағы 12-сі жөнге келтіріліп, тағы 6 нысан қосымша қажеттілікке енгізілген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz