БІР ЖЫЛДА БАҒА ҚАЛАЙ ӨСТІ?

Авторы: Qyzyljar News

Ұлттық статистика бюросының СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, 2024 жылғы қаңтар мен осы жылғы қаңтар аралығы есепке алынған. Өткен жылмен салыстырғанда, азық-түлік тауарларына баға – 6 пайызға, азық-түлік емес тауарларға – 10 пайызға , ақылы қызметтерге – 14 пайызға  өскен.

Бір жыл ішінде күнбағыс майы – 14%, тұздалмаған сары май – 13, тұз – 12, балық және теңіз өнімдері – 12, сиыр еті – 11, құс еті – 8% қымбаттаған.  Темекі өнімдерінің бағасы 13% өсті. Жармалар 30% қымбаттаса, қант бағасы 3,5% төмендеді.  Жас көкөністер 16% қымбатқа сатылып жатыр, соның ішінде картоп бағасы – 42, қиярға – 36, пияз – 28, қызанақ – 17,5, орамжапырақ — 3% артты, ал сәбіз 14% арзандады.

Бағалар фотоаппаратура, ақпаратты өңдеуге арналған жабдыққа – 43%, мотор майына – 17, киім және аяқ киімге – 10, жеке бас тауарлары мен приборларға – 10, фармацевтикалық өнімдерге – 8, тұрмыстық приборларға – 2% артты. Көмір бағасы да былтырғыдан 15% өскен. Бір жылда ыстық суға тариф 72,5% көтерілді. Тұрғын үй үшін төленетін нақты жалдау ақысы – 18%, сәлемдеме жіберу – 17, амбулаторлық қызметтер 13% өсті. Көлік қызметтерінің құны 11% көтерілді, соның ішінде әуе жолаушылар көлігінің құны – 23% қымбаттаған. Салт-жора қызметтері 10% артты. Автосақтандыру және нотариус қызметтеріне бағалар 6,5% көтерілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz