ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

Авторы: Qyzyljar News

       Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ринат Елжасовтың айтуынша, Қызылжар өңірінде 120 мыңнан астам мүгедек адамдпр тұрады, оның 2,4 мыңы – балалар. Соңғы жылдары аутизм диагнозы қойылған балалар саны артқан.

-Мүгедектігі бар балаларды оңалту мәселесі өзекті болып саналады. Сондықтан биыл осындай мүмкіндігі шектелген балаларды оңалтатын орталықты пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Әлеуметтік нысан 150 балаға шақталады, — дейді Ринат Елжасов.

Жалпы былтыр облыста оңалту құралдарын алуға және әлеуметтік қызмет көрсетуге 2,4 млрд теңге бөлінген. Биыл бұл мақсатқа 3,2 млрд теңге жұмсау жоспарланған.  Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік маңызы бар нысандардың қолжетімділігін анықтау мақсатында «Қолжетімділіктің интерактивті картасы» жасалды. Мониторингтік топтар ғимараттардың талапқа сай болуын тексеріп, нысан иелерімен түсіндіру жұмысын жүргізеді.

-Әлеуметтік Кодекс аясында мүгедектігі бар және зейнет жасындағы адамдарға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Мұндай қызмет облыста 5 мыңнан астам адамға көрсетіледі, — дейді Ринат Елжасов. Басқарма басшысының айтуынша, былтыр мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында арнайы әлеуметтік қызмет 400-ден астам адамға көрсетілген. Олардың 72-сі — тұрмыстық зорлық-зомбылықтан, екеуі – адам саудасынан зардап шеккен.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz