Қарасора өсірумен айналысқан бес «фитозертхана» анықталып, жойылды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдың 47 және 27 жастағы бес тұрғыны құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсірумен айналысты деген күдікке ілінді.  Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілерді облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қылмыс үстінде ұстаған.

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, тексеру кезінде олардың үйлерінен жарықтандыру құрылғылары және басқа да қажетті құралдармен жабдықталған «фитоесірткі зертханалары» табылды. Сондай-ақ қарасора өсіндісі мен оның тұқымы алынды. Нәтижесінде полицейлер барлығы 22 түп «қарасора» және 250 грамға жуық «марихуана» мен «гашиш» есірткі заттарын тәркілеп алды. Тергеу жүріп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz