БЕРЕШЕК ТОЛЫҚ КӨЛЕМДЕ ӨТЕЛДІ

Авторы: Qyzyljar News

Былтырғы көктемгі су тасқынынан кейін үйлер салған  құрылыс компаниялары өңірдің кәсіпкерлер палатасы заңгерлері және прокурорлардың араласуынан кейін тиесілі 421 млн. теңгені алды.

Құрылыс компаниялары былтыр Петропавлда көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлер салды. 2024 жылдың қазан айында үйлердің берілуіне қарамастан, көптеген компания өздеріне тиесілі қаражаттың шамалы ғана бөлігін алды. Мысалы, «Ash stroy» ЖШС шарттың жалпы сомасының 25 пайызын ғана алған. Жауапты «Qyzyljar Asar» қоры 15 кәсіпорынға барлығы 421 млн. теңге қарыз болған.

Мәселе қаңтар айының соңында облыстық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте талқыланды.

Кеңестің отырысына қатысқан «Qyzyljar Asar» қорының директоры Қанат Омаров жобаның негізгі демеушісі – «Kaz Minerals Бозшакөл» компаниясынан соңғы траншты алу кейбір компанияларда электрондық шот-фактуралардың жоқтығы қолбайлау болып отырғандығын түсіндірді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz