АЛАЯҚТЫҚ ЖОЛМЕН АЛЫНҒАН СУБСИДИЯ

Авторы: Qyzyljar News

Қаржылық мониторинг агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі басшысының 50 миллион теңгеден астам субсидияны заңсыз алу схемасын анықтады.

Мемлекет жоғары сапалы сүт өндірісін арттыру және импортқа тәуелділікті төмендету үшін сүт-тауар фермаларын ашуды белсенді түрде қолдап, ынталандырып жатыр. Алайда өндірістік кооперативінің басшысы 2019 жылдың мамырынан 2020 жылдың наурызына дейінгі аралықта жалған құжаттарды пайдаланып, сүт өнімдерін өңдеуге бөлінген 50 миллион теңгеден астам субсидияны заңсыз алған.

Өндірістік шығындарды растау үшін ауыл шаруашылығы басқармасына жеке кәсіпкерлерден шикі сүт сатып алғаны үшін өзара есеп айырысу туралы жалған құжаттар және май өндірісі туралы қасақана жалған ақпараттар беріп келген.

Нәтижесінде сот сүт жеткізу мәмілелерін заңсыз деп таныды. Қаржылық тергеу нәтижесінде, заңсыз алынған субсидияларға күдікті «TOYOTA LAND CRUISER PRADO 150» маркалы автокөлік сатып алғаны анықталды, ол мүмкін болатын тәркілеуден жасыру мақсатында сенімді адамға рәсімделген. Соттың санкциясымен аталған автокөлікке тыйым салынды.

Күдіктіге қатысты сот екі айға «қамауға алу» түрінде бұлтартпау шарасын тағайындады. Барлық ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz