КӘСІПКЕРЛЕРДІ БОПСАЛАҒАН БЛОГЕРЛЕР СОТТАЛДЫ

Авторы: Qyzyljar News

СҚО сотының мәліметінше, істі облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилер алқасының қатысуымен қарады. Сотталушылар С. және П. сауда орталықтарындағы заң бұзушылық фактілерін анықтау бойынша тексерулер жүргізуді және әлеуметтік желілерде жарияламау үшін «Т» ЖШС директорынан ай сайын 200 мың теңге төлеуді талап еткен.

ЖШС директоры И. іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін деп есептеп, сотталушылардың талаптарымен келісе отырып, бес ай ішінде оларға 1 млн. теңге сомасында ақша төлеген.

Осыған ұқсас схема бойынша сотталушылар «M» ЖШС басқарушы директорынан 50 млн. теңге сомасында ақша бопсалаған. Ақшаның бір бөлігін қолма-қол беру кезінде айыпталушылардың бірі ұсталды.

Сот сотталғандардың жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде олардың бұрын сотталмағандығын, С.-ның асырауында жас баласының барлығын ескерді.  Сот алқабилер алқасының қатысуымен С. және П.-ның әрқайсысына 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. «Т» ЖШС-нің азаматтық талабы қанағаттандырылды және сотталғандардан 1 млн теңге өндірілді.  Үкім заңды күшіне енген жоқ.

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz