Өңірдің өрт сөндірушілері алғаш жаңадан салынған көпқабатты үйден баспаналы болып отыр,- деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
— Пәтерлер 19-шы шағынауданда орналасқан. Жақсы жағдай жасалған екі бөлмелі пәтерлер. Бұл біздің қызмет үшін аса маңызды оқиға. Шұғыл әрекет ететін мамандардың тұрмыс жағдайын жақсарту бойынша мемлекеттік саясаттың іске асып жатқандығының көрінісі, — деді пәтер кілттерін салтанатты жағдайда табыс еткен департамент бастығы Жомарт Асқаров.
Өрт сөндірушілерге берілген пәтерлер – қызметтік үй болып есептеледі. Баспаналы болғандардың ішінде көпбалалы отбасылар да бар.
— Өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға ыңғайлы тұрмыстық жағдай жасау ведомствоның алға қойған басымдықтарының бірі. Бұл басын үнемі қауіп-қатерге тігетін қызметкерлердің кәсіби рухын көтеруге көмектеседі, — дейді Жомарт Асқаров.
QYZYLJAR NEWS