Төрт қазақстандықтың өмірін сақтап қалды, оның ағзасы донорлыққа алынды

Авторы: Qyzyljar News

Облыс орталығындағы  62 жастағы ер адамның ми қан айналымы бұзылып,  қалалық көпбейінді ауруханаға түскен. Оған инфаркт диагнозы қойылады. Ес-түссіз жатқан ер адамның жағдайы нашарлап,  оның миы жұмыс істеуін тоқтатаған. Осылайша, дәрігерлер консилиум өткізіп, потенциалды ағза доноры бар екені туралы трансплантология орталығына хабарлайды. Донор болуға оның ұлы рұқсатын берген. Орталық бригадасы  республикалық медициналық авиация арқылы Петропавлға жеткен.

«University Medical Center» корпоративтік қорының жүрек орталығы және ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтан алты дәрігер келіп, донордың ішкі ағзаларын алады. Осылайша, жерлесіміздің органдары Астана қаласында төрт пациентке салынады. Операциялардың барлығы сәтті өткен. Мәселен, жерлесіміздің жүрегі 54 жастағы Алматы қалысының тұрғынына салынды. Бұған дейін онда LVAD механикалық қан айналымын қолдау құрылғысы имплантацияланған. Бұл құрылғы «трансплантацияға көпір» болып табылады және жүрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысы бар науқастарға орган трансплантациясын күтуге көмектеседі.

-Имплантациядан кейін пациент күту парағына қойылды, қажет дәрілерді төрт жыл бойы ішіп жүрді. Донордың ағзасымен сәйкестік максималды болды. Біз пациентке хабарласып, жүрек ауыстыру мүмкіндігі бар екенін айттық. Ол әрине қуанды. Бірден клиникаға келіп, операцияға дайындалды, — дейді LVAD қызметінің жетекшісі, UMC жүрек орталығының кардиолог дәрігері Ниль Хисамутдинов,

Бұл Қазақстандағы 100-ші донорлық жүрек трансплантациясы. Ағзаны Астанаға жеткізу барысында қиындықтар да болған.

 

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz