НЕКЕГЕ ОТЫРҒАНДАРДЫҢ ЖАРТЫСЫ АЖЫРАСҚАН

Авторы: Qyzyljar News

Ұлттық бюроның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің  есебінше, қазір өңірдегі халық саны 522,2 мың адам, оның ішінде  264 мың адам немесе 50,6 пайызы ауылда тұрады.

2024 жылғы  қаңтар-желтоқсан ішінде облыста 5112 нәресте туды. Олардың ішінде 2627-сі ұл бала және 2485-і — қыз бала. Облыс аудандары арасында бала туу көрсеткіші бойынша бірінші орында Уәлиханов ауданы, одан кейін Ақжар және Жамбыл ауданы алда келеді. Облыс бойынша ең төмен туу көрсеткіші Аққайың ауданында тіркелген. Ғ.Мүсірепов атындағы аудан мен Мамлют ауданы да көш соңында келеді.

Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында облыста 6088 адам қайтыс болды. Халықтың негізгі өлім себептері арасында ең үлкен үлес — 20,6 пайызы жүйке жүйесінің ауруларына тиесілі, 16,5 пайызы — қан айналымы жүйесінің аурулары, 14,5 пайызы — тыныс алу органдарының аурулары, 9,3 пайызы — ас қорыту органдарының аурулары, 8,9 пайызы — обыр және 6,5 пайызы — жазатайым оқиғалар, улану мен жарақаттану алады.

Былтыр бір жыл ішінде 3027 неке тіркелсе, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының деректері бойынша 1496 жұп ажырасып кеткен.

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz