Балалардың құқығын бұзатын «Telegram» арна

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл қаласында балалардың фотосы көрсетіліп, аты-жөні және оларға қатысты түрлі жаман сөз айтылған телеграмм-канал әшкере болды.

Телеграмм-каналды кімнің құрғаны және қашан құрылғаны белгісіз. Оның он мыңнан астам оқырманы болған. Автор қала мектептерінің оқушылары жайында үздіксіз ақпарат салып келген.

— Кәмелетке толмаған балалар туралы ұятсыз ақпараты бар телеграмм-каналдың барлығы туралы әлеуметтік желілерге жүргізілген күнделікті мониторинг барысында анықталды. Облыстың барлық мектептері мен колледждерінде профилактикалық жұмыс күшейтілді. Петропавл қаласының білім бөлімі полиция департаментіне көмек сұрап ресми хат жолдады. Қазір облыстық  полиция департаментімен бірлесіп оны жабу және осы телеграмм-каналды құрған адамдарды жауапкершілікке тарту туралы мәселе шешіліп жатыр. Ата-аналардан балаларына мұқият болуды және олардың кіретін сайттарын бақылауға ұстауды сұраймыз, — делінген облыстық білім басқармасы таратқан баспасөз хабарламасында.

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz