Қазақ тілінде сөйлеу – борышым

Авторы: Qyzyljar News

Бүгінде қазақ тілін қолдау мен дамытуға бағытталған бірқатар мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Қазақ тілін үйренуді және оны әртүрлі мақсаттарда пайдалануды жеңілдететін электрондық сөздіктер, дерек базалары, онлайн-ресурстар құрылған және олар үнемі толықтырылып отырады. Мемлекеттік тілді күнделікті өмірде, қарым-қатынаста, жұмыста, отбасында белсенді қолданса ешқандай қиындықтар туындамайды, бұл тілдің одан әрі нығаюы мен дамуына ықпал етеді. Мемлекеттік тілді құрметтеуді әрқайсымыз өзімізден бастауымыз керек, сонда ғана оң нәтиже болады. Өз басым ұлтым татар болса да, Қазақстанда тұрып жатқандықтан қазақ тілінде сөйлеу борышым деп білемін. Ата-анам мені Отанға, тілге деген сүйіспеншілікке баулыды. Үйде тек қазақ тілінде сөйлесетінбіз. Қазір балаларымды да дәл солай тәрбиелеп келемін. Барлық салт-дәстүрлерді білеміз, ұстанамыз.
Мен «Демеу» балалық шақ мәселелерін үйлестіру орталығы» жекеменшік коммерциялық емес мекемесінің директорымын. Одан өзге өңірдені Аналар кеңесінің төрайымымын.
«Демеу» балалық шақ мәселелерін үйлестіру орталығының» жұмысы балаларды қорғауға, қиын жағдайға тап болған адамдарға, мүгедек балаларға көмек көрсетуге, сондай-ақ жастарды тәрбиелеуге және девиантты мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған. Біздің миссиямыз – қауіпсіз қоғам құру. Әртүрлі қиындықтарға тап болған адамдарға қолдау көрсетіп жұмыссыздық, отбасылық қақтығыстар, зорлық-зомбылық және басқа да мәселелерді шешумен айналысамыз. Штат бойынша үш психолог жұмыс атқарады.
2016 жылдан бастап жыл сайын Петропавл қаласында балалар арасында «Демеу жұлдыздары» атты таланттар фестивалін өткіземіз. Бұл фестиваль жай ғана байқау емес, шығармашылық, достық және өзін-өзі көрсетудің үлгісі болып табылады. 2024 жылы «Демеу жұлдыздары» фестивалі таланттардың алуан түрлілігін көрсететін 700-ден астам жас қатысушыларды жинады. Бұл фестивальға тек мүмкіндігі шектеулі балалар ғана қатысады. Халық әндерін де, заманауи хиттерді де орындайтын керемет дауыстары бар вокалистер мен бишілер бізді таңқалдырып келеді.
Сонымен қатар орталықта «Демеу» волонтерлері жұмыс атқаруда. Былтырғы су тасқыны кезінде еріктілер қиыншылыққа тап болған адамдарға көмектесуге дайын екендіктерін көрсетті. Олардың әрекеттері азаматтық жауапкершілік пен ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болды. Еріктілер орындаған көптеген маңызды міндеттердің ішінде әсіресе екеуін атап өткен жөн, біріншісі құтқару жұмыстарына қатысқан сарбаздар мен әскери қызметшілерді ыстық шаймен қамтамасыз ету болса екіншісі қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесу. Сарбаздар мен әскери қызметшілерге ыстық шай жеткізу маңызды міндет, өйткені апат кезінде тәулік бойы жұмыс істеу күш пен энергияны сақтауды қажет етті. Олардың қосқан үлестері баға жетпес және терең құрметке лайық. Демеу орталығының қызметкерлері әрдайым қиын жағдайға түскен адмның қасында болуға дайын.
Жұлдыз САТТАРОВА,
«Демеу» балалық шақ мәселелерін үйлестіру орталығы»
жекеменшік коммерциялық емес мекемесінің директоры.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz