АДАМ ЕҢБЕГІМЕН АБЫРОЙЛЫ

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облыстық шығармашылық орталығында облыстық ардагерлер кеңесінің «Шын жүректен» атты әлеуметтік- мәдени жобасы шеңберінде өңірге   танымал еңбек ардагерлерімен кездесу өтті.

«Адам еңбегімен абыройлы» атты шараға түрлі деңгейдегі әкімдіктер мен мәслихаттардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері,  кәсіптік техникалық білім ошақтарының оқушылары қатысты. Жиында сөз сөйлеген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов бұл шараның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялануына байланысты ерекше маңызды болып отырғанын атап өтті.

Мереке барысында сахна төріне Тайынша, Мағжан Жұмабаев, Ақжар, Тимирязев, Қызылжар, Есіл ауданының еңбек ардагері шығарылып, оларға игі тілектер арналып, сый-сияпат көрсетілді. Ескендір Есмақұлы ерен ардагерлердің омырауына облыстық ардагерлер кеңесінің «Құрметті ардагер» төсбелгісін қадады.

Мереке қонақтары облыстық Ақан сері атындағы филармония өнерпаздарының концертін тамашалап, риза болып тарқасты.

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz