Екі апта ішінде 171 мопед тіркелді

Авторы: Qyzyljar News

18 қаңтардан бастап  облыс аумағында мопедтер мен скутерлерді тіркеуге қою үшін 174 өтінім келіп түскен, оның 171-і қаралды. Заңнамадағы өзгерістерге сәйкес, 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға тыйым салынады — полиция қызметкерлері қос дөңгелекті көлік иелерін бұл мәселені шешуді кейінге қалдырмауға шақырады.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте полицейлер мопедтер мен скутерлерді ресми тіркеу мәселелері  бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына, ХҚКО-ға немесе тұрғылықты жері бойынша полиция бөліміне жүгінуге болатынын еске салды. Полиция жұмысы сервистік үлгіге және қызметтердің қолжетімділігі қағидатына негізделеді, әрбір жағдай жеке қаралады.

Петропавл қаласының мамандандырылған ХҚКО-нда және аудандық полиция бөлімдерінде қызметкерлер нөмірлік агрегаттарды салыстыру үшін көлік құралдарын тексереді. Шалғайдағы ауылдар мен елді мекендерде мопедтер мен скутерлерді тексеру бойынша көшпелі рейдтер қарастырылған.

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz