Сергеевка су қоймасында су деңгейі былтырғыдан 86 см. артық

Авторы: Qyzyljar News

Облыс аумағында  ауа райын болжаушылардың   бақылау пункттері қар жамылғысын жиі бақылауға көшті. «Қазгидромет» РМК облыстық  филиалының мәліметінше, соңғы мониторинг 15 ақпанда жүргізілген. Қазір облыс бойынша қар жамылғысының орташа биіктігі 9-40 см. шамасында, бұл — облыстың көп бөлігінде нормаға жақын. Уәлиханов және Ғ. Мүсірепов атындағы аудандарда, Шал ақын ауданында қар қалыңдығы нормадан 10-21 см.-ден асады.

Биыл облыс аумағы бойынша қардағы су қоры 18-ден 100 мм.-ге дейін, облыстың көп бөлігінде орташа көпжылдық мәндерге жақын, норма 33-70 мм. Ал өңірдің оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бөліктерінде қардың сумен қанығуы нормадан 40-75 пайызға артық.

Биыл өзендер мен көлдерде су мол. Мәселен Сергеевка су қоймасындағы су деңгейі 802см.-ге жеткен, бұл өткен жылғы мәндерден 86 см.-ге артық. Су қоймасы 101 пайызға толған. Петропавл маңындағы Есіл өзенінде су деңгейі 265 см,, бұл 2024 жылдан 22 см.-ге артық.Мұздың қалыңдығы Есіл өзенінің салаларында 16-дан 80 см.-ге дейін, Есіл өзенінде 25-тен 68 см.-ге дейін жетті. Былтыр осы кезде мұздың қалыңдығы салаларында 14-62 см. болса, Есіл өзенінде 34 см.-ден жоғары тіркелген еді.

Алдағы күндері облыс аумағына циклон әсер етеді. Соның салдарынан желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейіп, боран тұрмақ. Ауа температурасы күндіз -3-8 градус аяз, түнде сынап бағанасы -8-13 градусқа дейін төмендейді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz