«БЕРЕКЕДЕГІ» БЕРЕКЕЛІ ІСТЕР

Авторы: Qyzyljar News

«Береке» шағынауданы заманауи әлеуметтік инфрақұрылымның орталығына айналуда. Мұнда жаңа арнайы мектеп, балабақша және спорт кешені ашылған. Енді бұл нысандардың қатарына 600 орындық жайлы мектеп қосылмақ.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов  жуырда «Берекедегі» жайлы мектептің құрылыс барысымен танысты. Қазір қасбетті қаптау, ішкі инженерлік желілерді монтаждау және едендерді құю жұмыстары жүргізілуде. Сыртқы инженерлік желілер тартылған, ал нысанның өзі осы жазда пайдалануға берілмек. Жаңа оқу жылында аудан оқушылары кең, заманауи және ыңғайлы білім ордасының есігін ашады. Мұнда физика, химия, биология, информатика пәндері бойынша жаңа үлгідегі оқу кабинеттері, сондай-ақ «STEM»-зертхана, робототехника, интерактивті тақталар, шеберханалар және кең спорт залдары болады. Осындай заманауи білім беру ортасы былтыр «Орман» шағын ауданында ашылған жайлы мектепте де сәтті іске асты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz