Көпбалалы ана алты жылға темір торға қамалды

Авторы: Qyzyljar News

Көпбалалы әйел қызының оқу үлгеріміне байланысты денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін сотталды.

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ауданаралық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел қызының үй тапсырмасын тексеру кезінде оның мектеп дәптерін дұрыс жүргізбегенін анықтаған. Осылайша, ашуға булыққан ана оқушының оң және сол жақ жамбасына ас үй пышағын сұғып алған.

Сотта әйел кінәсін толық мойындады. Оның қорғаушысы мен қызы оған бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады. «Сот бұл айыпталушының алғашқы соттылығы екенін және оның жүкті екенін ескере отырып, ең төменгі жазаны тағайындады – алты жылға бас бостандығынан айыру. Жазаны өтеу орны ретінде орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі айқындалды. Сот шартты түрде соттауға негіз жоқ екенін анықтады», – делінген облыстық сот таратқан  ақпаратта.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Облыстық соттың баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz