Тайынша қаласында үш баланы құтқарып қалған тұрғын марапатталды. Жеке тұрғын үйде өрт түнде шыққан.
Сол күні кезекшілікте болған Айдын Ақанов үйдің шатырының лапылдап жанып жатқанын байқап қалады. Жедел қимылдап, көмекке ұмтылады. Аулаға кіргенде, үйдің кіреберісі отқа оранып үлгерген екен. Ішінен балалардың айқайлап, жылаған дауысы естілді.
Ер адам ойланбастан терезені сындырып, қою түтін толған бөлмеден 2019, 2010 және 2009 жылы туған үш қызды алып шықты. Батыл азамат оларды көрші үйге жеткізіп, қауіпсіз жерге орналастырды. Абырой болғанда, балаларға медициналық көмек қажет болмады.
38 жастағы азаматтың бұл ерлігі ескерусіз қалмады. Өрт кезінде үш қызды құтқарған Айдын Ақанов облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының Алғыс хатымен марапатталды.
Сондай-ақ балаларды құтқарған батырға аудан әкімі, өзі жұмыс істейтін «Рощинское 2016» ЖШС басшылығы және қоғам өкілдері алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.
QYZYLJAR NEWS