Сегіз елікті атып өлтірген браконьерлер

Авторы: Qyzyljar News

Ел аумағында 1 ақпаннан бері «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Осыған орай тәртіп сақшылары қорықшылармен бірлесіп рейдтік шараларды күшейткен. Жедел ақпаратты тексеру барысында Тайынша ауданындағы ауылдардың бірінде бес бірдей Сібір елігін атып алған тұрғын ұсталды. Тайыншалық еліктердің ұшасын үйіне әкеліп қойған. Заңсыз аң аулады деген күдікке оның 43 жастағы танысы да ілігіп отыр.

«Өйткені, нақ осы ауыл тұрғынына қарда жүретін көлік пен «ТОЗ-34» қос ұңғылы мылтығы тиесілі екен. Алдын ала бағалау бойынша табиғатқа келтірілген залал 7 миллион теңгені құрайды», — делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Заңсыз аң аулаудың екінші фактісі Айыртау ауданында тіркелді. Рейд барысында полицейлер мен қорықшылар атқа мініп, қару асынған адамды байқап қалған. Ер азаматтың айтуынша, қару-жарақ оның туысы, 52 жастағы ауыл тұрғынына тиесілі екен. Көп ұзамай мылтық иесі де табылады. Ол бірнеше шақырым жерде жасырынып отырған.  Оның қасында үш Сібір елігінің ұшасы анықталды. Олардан тәркіленген «ИЖ-17» бір оқпанды мылтығы тіркелмеген болып шықты. Заңсыз аң аулау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz