АҚЖАР АУДАНЫНДАҒЫ «СОЛТҮСТІК-2025»

Авторы: Qyzyljar News

Ақжар ауданында «Солтүстік-2025» қысқы спорттық ойындары аясында керлинг және конькимен жүгіруден облыстық чемпионат өтті. «Солтүстік-2025» спорттық ойындары аясында өткен керлинг және конькимен жүгіруден облыстық чемпионатқа 126 спортшы қатысқан, оның 52-сі керлинг, ал 74-і конькимен жүгіру жарысынан бақ сынады.

«Солтүстік-2025» қысқы спорт мерекесі аясында аралас командалар арасында керлинг бойынша бірінші орыннан Тайынша ауданының спортшылары көрінді. Екінші орынды Қызылжар ауданы иеленсе, үшінші орын ақжарлықтарға бұйырды. Ал конькимен жүгіру спортында бірінші орынды 352 ұпаймен Шал ақын ауданының командасы иеленді. Екінші орыннан 344 ұпаймен Қызылжар ауданы көрінді. Ал алаң иелері ақжарлықтар үшінші орынды місе тұтты. Олар 333 ұпай жинады», — деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Нина Усенко.

Сондай-ақ, «Солтүстік-2025» аясында шайбалы хоккей, ринк-бенди және қысқы президенттік көпсайыс бойынша жарыстар өткізілді. Соңғы кездесулер 20-23 ақпанда өтеді. Ал келесі аптаның соңында «Солтүстік-2025» қысқы спорт мерекесі аяқталып, жеңімпаздар анықталатын болады.

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz