Солтүстік Қазақстан облысында Астанадан ет әкеле жатқан «Mercedes» жүк көлігі жолдан шығып кеткен.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Көкшетау-Рузаевка автожолының 111 шақырымында болған. Көлікті 55 жастағы Грузия азаматы жүргізіп келе жатқан.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мен учаскелік инспектор шетелдікке көмектесті. Олардың өтініші бойынша Айыртау ауданындағы шаруашылықтардың бірі ауыр техника мен жұмысшыларын жіберді. Олар аударылған фураны жол үстіне сүйреп шығарды. Тәртіп сақшылары шетелдік сапарын жалғастырғанша дейін сол жерде болып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Бір күннен кейін осы жолдың 140 шақырымында Рудный қаласының 41 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «HOWO» жанармай құю көлігі жол шетіне түсіп кеткен. Жанғыш зат төгілген жоқ.
Полицейлер бұл жолы да көмек сұрап ЖШС басшылығына және жол-пайдалану учаскесіне жүгініп, омбы қардан шығарылған жүк көлігі жолға шықты.
Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ.